• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2018

Жастарға арналған жаңа телеарнаның тұсаукесері өтті

980 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде «J1–Jastar1» жастарға арналған жаңа телевизиялық арнасының тұсаукесері өтті. Шараға арнаның бас директоры Ильяс Ысқақов, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов қатысты. 

«J1–Jastar1» телеарнасы, ең алдымен, 14-29 жас аралығындағы жастарға арналған. Ол оқушылар, сту­денттер, жас мамандар мен түрлі қызмет аясында еңбек етіп жүрген жастармен қатар, ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қарамайтын барлық жандар үшін де қызық­ты болмақ. Арнаның пішімі, жас­тар өміріндегі маңызды және қы­зық­ты оқи­ғаларға не­гіз­делген. Те­ле­арнаның кон­­тенті ас үйі, сән және сұ­лу­лықтан бас­тап шытырман, тылсым оқиғаларға, спорт­қа, те­лехикаялар мен әлемдік ки­не­ма­то­гра­­фияның хиттеріне, әлеуметтік реалити мен от­басылық қарым-қатынас, ба­ла тәрбиелеу және ден­­саулық туралы ток-шоу­лар­­ға толы танымдық, пуб­ли­цистикалық және ойын-сау­ық­тық бағдарламалардан тұ­рады. Бағдарламаларда жас­тардың мәселелері, мүм­кіндіктері мен өзін-өзі та­нытуы қарастырылады. «J1–Jastar1» телеарнасы бұл – бү­гінгі таңда жастардың өзіне арнаның мазмұнын тол­тыруға мүмкіндік беріп отыр­ған, еш арналарға ұқ­самайтын ашық алаң ұсын­ған бірегей ерекше телеарна», деді арнаның бас ди­ректоры Ильяс Ысқақов.

«J1–Jastar1» телеар­на­сы Қазақстан жастары­ның талаптарын қанағат­тан­ды­ратын заманауи теле­ви­зиялық трендтерді тара­та­тын, жастардың жоба­ла­рын, ой-пікірлерін қол­дау­ға, сонымен қатар олар­дың арасындағы өзек­ті мә­­селелерді шешу­ге ба­ғыт­талған жаңа пі­шім­дегі ар­на. Телеарна 2018 жыл­дың 28 наурызында ID TV плат­формасында, YouTube жә­не Instagram әлеуметтік же­лілерінде іске қосылды. Бо­лашақта оны Отау ТВ кабель жүйесі арқылы тарату жос­пар­лануда.

Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»