• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Наурыз, 2018

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

325 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, елдің орталығында, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл, найзағай және бұршақ болуы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, жел 18-23, екпіні 30 м/с және одан аса күшейуі күтіледі.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің  жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 15-20 м/с, 23-28 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 118-23 м/с күшейеді, күндіз найзағай болады.

Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдық жел соғады.