Маңғыстауда 17 наурыз бен 30 сәуір аралығында көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту айлығы іс-шарасы облыс көлемінде өтіп жатыр.
31 наурыз күні аймқа басшысының қатысуымен барлық облыстық және қалалық мемлекеттік мекемелер, аумақтық департаменттер мен инспекциялар, мемлекеттік құқық қорғау органдары, өндірістік кәсіпорындар мен оқу орындары қызметкерлері жаппай сенбілікке шығып, қаланы күл-қоқыстан тазартып, ағаш отырғызды.
Деректерге сүйенсек, 17 наурыздан бастап ұйымдастырылған сенбілікке облыс бойынша барлығы 9 808 адам қатысып, 169 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 1 927 га аумақ тазартылып, барлығы 3 702 тонна қалдық шығарылды. Сонымен қатар, Ақтау қаласы, Түпқараған және Мұнайлы аудандарында барлығы 185 ағаш, Мұнайлы ауданында 10 текше метр жерге гүлзарлар отырғызылды. Ақтау қаласында 60 және Қарақия ауданында 20 орындық қалпына келтірілді.
Алдағы сенбіліктерде ағаш түптерін әктеу, ағаш отырғызу және тағы да басқа тазарту жұмыстары жалғасын табады. Ақтау қаласындағы өткен сенбілікке барлық облыстық жəне қалалық мемлекеттік мекемелер жұмылдырылды. Сонымен қатар жұмысшыларымен жəне техникаларымен қамтамасыз еткен өндірістік кəсіпорындар қатысты. 500-ге жуық сенбілікке қатысушы Кіші Оймаша көлінің маңын тазалады.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»