• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2018

Шымкентте бір миллионнан астам қызғалдақ гүлі отырғызылды

908 рет
көрсетілді

Облыс орталығы Шымкентіңізді жұрт үшінші мегаполис атап жүр. Соңғы жылдары құрылыс қарқын алған қаланың жасылын жоғалтпауы маңызды. Бұл орайда, қала әкімдігі көше бойлары мен тұрғындар демалатын орындарды гүлмен көмкеруде.

Тұрғындарының саны миллионға жуықтаған Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қызғалдақтар ордасына айналды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта қалада 1 млн 37 мың түп қызғалдақ жайқалып тұр. Олар негізінен сары, қызыл, көк, қызғылт, қызғылт сары және күлгін түсті голландиялық сортты қызғалдақтар.

Өкініштісі ұлттық ою-өрнек  және геометриялық фигуралар түрінде, сондай-ақ қаланың логотипі кейпінде отырғызылған қызғалдақтардың ғұмыры қысқа. Мамандардың айтуынша, қаладағы көркем көріністер 15-20 күн аралығында ғана сақталатын болады. Одан кейін қызғалдақтардың орнына өзге гүл сорттары отырғызылады.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ, «Егемен Қазақстан»