• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Сәуір, 2018

Лу Кан: Жаңа белестер бастамасы

347 рет
көрсетілді

Қытай тарапы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ­стан халқының өмірін жақ­сартуға негізделген бес әлеу­мет­тік бастамасын қолдайды. Бұл маңызды бағыттар Қазақ­станды жаңа белестерге шығарады.

Қытай мен Қазақстан – тату көрші және жан-жақты страте­гиялық серіктестер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды.

Екі мемлекеттің көшбасшы­лары – Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Төраға Си Цзиньпиннің басшылығымен қос тарап көптеген табыс­ты және тиімді байланыс­тарды дамытып, Қытай мен Қазақстан халқының өмірін жақ­­сару мақсатында жұмыстар жү­ргізуде. Қазақстан-Қытай ын­­ты­мақтастығы мем­ле­ке­т­­ар­а­лық қатынастарды дамыту және көршілес елдердің өзара іс-қи­мылы үшін үлгі болады.

Қазақстан Президентінің әлеуметтік бастамалары әлеу­ме­ттік-экономикалық сала­лар­дың терең дамуына серпін берері сөзсіз. Халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруы елдің даму көрсеткіштеріне әсер ететіндігіне сенімдімін.

Лу КАН,

ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі