• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2018

«Батыс пен Шығыс диалогы» атты халықаралық ғылыми-конференция өтті

1828 рет
көрсетілді

Алматыдағы Философия, саясаттану және дінтану институтында «Бірлігі мен әртүрлілігі тұрғысынан Шығыс пен Батыс мәдениетінің диалогы: көне заман, орта ғасыр, жаңа және қазіргі уақыт» атты халықаралық ғылыми-конференция өтті.

Бұл жиын Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Фило­софия, саясаттану және дін­тану институты мен Р.Б.Сүлей­ме­нов атындағы Шығыстану инс­ти­туты, «Санкт-Петербург Кә­сіп­одақтар гуманитарлық университеті» атты жоғары кәсіби білім мемлекеттік емес білім меке­ме­сінің Алматыдағы филиалы жа­нындағы Антиктану орталығы, Ресей­дің Екатеринбург қаласындағы М.П.Мусоргский атындағы Орал мем­­лекеттік кон­сер­ваториясының ұйым­­дас­ты­руымен өтті.

Конференцияда Қазақстан ке­ңіс­тігіндегі шығыстық және батыс­тық мәдениеттердің өзара қа­ты­нас­тары тарихындағы дін­ара­лық ди­алог проблемалары мен кө­не за­ман, орта ғасыр, жаңа және қа­зір­гі уа­қыт­тағы мәдениеттер бірл­і­гі, Ба­тыс өркениетінің мәні мен ерек­ше­лік­тері жөніндегі мәселелер кеңі­нен тал­қыланды.

Жиынға белгілі отандық және шет­елдік ғалым-фило­софтар, сая­сат­­танушылар, дінтанушылар, та­рих­шы­лар, мәдениет және білім саласының қызметкерлері қатысты.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ