Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 188-ге жетті, деп хабарлайды Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Ғалым Айнабеков.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть"28-29 наурыз күндері бізге шамамен 30 адам келіп түсті, 30 наурызда ең жоғарғы көрсеткіш болды – 79 адам, содан кейін 31 наурызда тағы 52 адам медициналық көмекке жүгінді. Жалпы ауруханаға улану диагнозымен 188 адам келіп түсті", - деді ол.
Бұған дейін ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы 60 адамның балмұздақтан уланғаны туралы ақпарат таратқан. Белгілі болғандай, барлық зардап шеккендер жемісті жұмсақ балмұздақ жеген. Балмұздақтар жеке кәсіпкер М.Ишмуратоваға тиесілі Республика даңғылы бойындағы сауда нүктесінен сатып алынған.
Алдын ала мәлімет бойынша, балмұздақ қоспасы үй жағдайында жасалған. Осыған орай балмұздақты дайындау және сату талаптарының сақталуына байланысты тексеру жұмыстары басталды.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев балмұздақ жеп, ішек инфекциясын жұқтырған науқастардың жағдайымен танысқан болатын.