Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлімхан Оңғарұлы Есенгелдиев Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Өміртай Мақашұлы Бітімов Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.