• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2018

Мәжіліс депутаты Қызылорда облысы бойынша ХҚКО-да болды

440 рет
көрсетілді

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мәжіліс депутаты Балайым Кесебаева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде болды.

Депутат қазіргі уақытта көптеген қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі барынша азайтылғанын айтты.

- Облыстарға жұмыс сапарым барысында міндетті түрде ХҚКО-тарына барып, халықпен жүздесуді жөн көремін. Өйткені, дәл осы жерде Елбасының Жолдауындағы басым бағыттарының бірі - «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы байқалады, – дейді ол.

Халық қалаулысы сондай-ақ, «Нұр Отан» бастауыш партиясының қызметімен танысып, қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету және саланың басқа да күрмеулі мәселелері бойынша пікір алмасты.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы