• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Сәуір, 2018

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтеді

200 рет
көрсетілді

Жақын күндері Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтеді. Келелі жиында «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбын қамтитын болады деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Бұл туралы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко бастаған депутаттардың аймақтың ҚХА өкілдерімен, ардагерлермен, ғалымдармен өткен басқосуында айтылды.

Басқосуда «Қазақстан, орыс, славян, казак ұйымдары ассоциациясы» заңды тұлғалар ұйымының төрағасы Владимир Божко:

– Біз «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» қолданыстағы заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесін қарап, шешім қабылдадық. Онда Ассамблеяның міндеті, құрылымы, қоғамдағы маңызы, этномәдени бірлестіктердің білім жетілдіруін, тіркелуін реттейтін мәселелер қамтылған. Бүгінде бірлестіктердің барлығы Қазақстан халқы Ассамблеясының алдында тұрған міндеттерді орындауға жұмыла кіріспегені байқалып отыр. Ұлт бірлігі мен ынтымағын бекіте түсу үшін этномәдени бірлестіктер өз жұмысын жандандыра түсуі қажет, – деді.

Бұған дейін Парламент мінберінде ассамблеяның рөлін, құрылымын, мақсат-міндетін айқындайтын мәселе қаралған болатын. «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс бүгінде Сенаттың қарауына жіберілген. Онда депутаттар барлық этномәдени бірлестіктердің тіркеуден өтуін жолға қоюға мән беріп отыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы