• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Сәуір, 2018

Сабырбек Олжабай: Елбасы Үндеуі көпшіліктің көкейін­дегісін дөп басқан тарихи құжат болды

303 рет
көрсетілді

Туған халқына деген шексіз махаббатын ісімен де, сөзі­мен де дәлелдеп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Прези­денттің бес әлеуметтік баста­масы» атты Үндеуі шын мәнінде көпшіліктің көкейін­дегісін дөп басқан тарихи құжат болды. 

Елі­міз егемендік алғалы еңсерген еңбектеріміз ұшан-теңіз екеніне ешкім де дау айта алмас. Дегенмен халықтың әлеу­меттік жағдайын жан-жақ­­ты ойластырған бұл тарихи қадамның қазақстандықтар үшін сыйлар шаттығы мен қуа­ны­шы алабөтен. Маған әсі­ресе Елбасының «7 – 20 – 25» бағ­дарла­ма­сы ерекше ұнады. Көңілім кә­дім­гідей көтеріліп қалды. Неге көтерілмесін, әрбір отбасына бас­пана алудың жаңа мүмкіндіктері ашылып отырса. «Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүм­кіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурс­тар ұсынатын тетіктер қажет» деп атап көрсетті Президент. Мұн­дай мүмкіндіктер бұрын-соң­ды болмаған. Несие өсімінің мөл­шер­лемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болса, банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 проценті­не дейін, кейде тіпті 50 процентін талап етсе, бұл бағдарлама­да 20 проценттен аспайды деп көрсетсе, бөркіңді қалай аспанға атпайсың. Оның үстіне несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болса, бұл айналайын-ау, әкең жасамаған жақсылық емес пе?

Әлһамдулла, қазақпыз. Қазақ бол­ғаннан соң балажан­быз. «Ұр­пақ көбейсін. Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» дейміз. Құдайға шүкір, көпбалалы отбасылар ауылда да, қалада да жеткілікті. Бірақ несін жасырайық, көптеген әкелер балаларының барлығы­на дерлік баспана салып беруге мүмкіндіктері бола бермей­ді. Ал 2-3 миллион теңгеге жер сатып ала­йық делік. Сонда құрылыс материалдарының бағасы ушығып тұрған мына заманда зәулім үй салып беруге шамам жетеді ме? Зәулім үй деп отырғаным ақшамның тасып бара жатқанынан емес. Қазір қалада үйді бүгінгі заманға сай еңселі де көрікті етіп салу жөнінде нақты тапсырмалар беріліп жатыр.

Осыны ойлап бас қатып жүр­ген­де Елбасының «Бес әлеу­меттік бастамасы» көктен іздеге­нім­ді жерден кезіктіргендей бол­­ды. Бұған қуанбағанда енді қай­да қуанасыз? Бір балама «7 – 20 – 25» бағдарламасы бойын­ша пәтер алып беруіме енді мүм­­кін­дік ашылды емес пе?

Жалпы, бұл қадам Елбасының талайдан бері көкейінде жүр екен. Мұны Елбасы Үндеуінде атап көрсетті. Адам қалай бақытты болады? Өзіңді қолдап, қорғайтын, қамқорлық жасайтын артында үлкен сүйеніш бар екенін сезінгенде бақытты болады. Біз осы қамқорлықты да, сүйенішті айқын сезініп отырмыз. Мұндай елдің бар­лық тұрғындары бақыттың құшағында болары Айдай анық. Сүйенішті сезініп, қамқорлықты қолмен ұстап көргендей танып-біліп отырған халықтың туған жерге, сол мемлекетті басқа­рып отырған тұлғаға деген сүйіспен­шілігі, ыстық ықыласы артары сөз­сіз. Елін, жерін жан жүрегімен сүйе­тін Президентіміз барша қазақ­стандықтардың тағы да үміт отын жақты. Осындай елде ғұмыр кешкеніне қуанасыз, мақ­танасыз.

Президенттің еңбекақысы төмен адамдар үшін салықтық жүк­темені 1 процентке дейін тө­мен­дету туралы тапсырмасы да қара­пайым адамдарға деген үлкен қамқорлық. Расында, біреулер аз табыс табады. Біреулердің жұмысы ә дегеннен жүріп кетпеуі де мүмкін. Осындайда кәсіпкер бюджетке қомақты қаржы аудара алады ма? Бұдан бюджеттің бүйірі томпайып шыға келеді ме? Мен жұмысын жаңа баста­ған жастарды білемін.Олардың ішінде жұмыстарын дөңгелетіп алып кете алмай жүргендері де бар. Елбасы қолдауы оларды қанат­тан­дыратынына енді сенім мол. Ал қанаттандыра, қанағат­тан­дыра білу біле білсеңіз, үлкен қабі­лет. Тіпті құдірет десек те асырып айт­қандық болмас еді.

Сабырбек ОЛЖАБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Оңтүстік Қазақстан облысы