• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

UAE SWAT Challenge: Қазақстан арнайы жасақтары турнирдің алғашқы күнінде топ жарды

20 рет
көрсетілді

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімше командалары UAE SWAT Challenge (Дубай, БАӘ) халықаралық турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

48 мемлекеттің 109 арнайы жасақ командалары ішінен топ жарған еліміздің төрт командасы да үздік ондық құрамында.

Kazakhstan C командасы турнир кестесінде бірінші тұр. Екінші орында – Kazakhstan D. Kazakhstan В турнир кестесінде төртінші орында тұр. Kazakhstan А оныншы орында.

Еліміздің Tomiris қыздар командасы жалпы есепте 20-орында, бұл әйелдер арасындағы үздік көрсеткіш.

Командалар құрамында бір ту астына Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үздік жауынгерлері біріккен.

Айта кетейік, бес күндік сайыстан тұратын турнир 11 ақпанда аяқталады. 

Соңғы жаңалықтар