Атырау облысында полиция бекіре тұқымдас балықтардың заңсыз айналымының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атырау облысында браконьерлік пен балық өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесуге, сондай-ақ Каспий өңірінің биоресурстарын қорғауға бағытталған «Бекіре–2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Жуырда полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық өнімін тәркіледі. Оның ішінде 911 келіден астам бекіре тұқымдас балық және шамамен 1 келі бекіре уылдырығы бар.
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Тәркіленген өнімнің барлығы «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауытына» тапсырылды.
ЖПІШ басталғалы заңсыз балық аулау, сақтау, тасымалдау және балық өнімдерін өткізуге қатысты 152 құқық бұзушылық анықталды. Жеті қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар заңсыз аулауға арналған 19 құрал мен құқыққа қайшы әрекеттерде пайдаланылмақ болған 10 жүзу құралы тәркіленді.
Ақтауда 40 келі қызыл балықты заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды
Бұдан бөлек, полиция уәкілетті органдармен бірлесіп тұрғындар мен балық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Азаматтарға табиғатты қорғау заңнамасының талаптары мен балық өнімдерін заңсыз аулау және айналымға жіберу үшін қарастырылған жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Полиция бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті. Негізгі мақсат — экологиялық қылмыстардың алдын алу және елдің табиғи ресурстарын сақтау.
Ақмола облысында заңсыз балық аулаған екі тұрғын сотталды
Сондай-ақ азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және балықты заңсыз аулау мен айналымға жіберу деректері туралы құқық қорғау органдарына жедел хабарлауға шақырды.Атырау облысында бұған дейін де браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді.