• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 20:26

Алматы тауларында үш күн байланыссыз қалған турист құтқарылды

Саяхатшы 20 мамыр күні Шымбұлақ жақтан тауға шығып, екі күннен кейін оралуы тиіс болған. Белгіленген уақытта байланысқа шықпаған әрі телефоны байланыстан тыс болған соң, жақындары дабыл қақты, деп жазады Egemen.kz.

Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары шұғыл аттанды. Құтқарушылар 3200 метр биіктікке көтеріліп, Шымбұлақ шыңы бағытына қарай беткейлерді жаяу тексерді.

Бағытты тексеру барысында жоғалған ер адам табылды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар оны «Медеу» биік таулы мұз айдынына дейін қауіпсіз түсіріп, жақындарына табысталды.

«Тауға шығарда жақындарыңызға нақты бағытыңыз бен жорық уақытыңызды міндетті түрде хабарлаңыз», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматы тауларында жарақат алған шетелдік турист құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар