• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Сәуір, 2018

Астана әкімі өрт қауіпсіздігін жаппай тексеруді тапсырды

357 рет
көрсетілді

Бүгін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте адамдар көптеп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бұл туралы astana.gov.kz хабарлады.

 ТЖД-нің бастығы Барат Дұзақбаев жүзеге асырылып жатқан қосымша қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ, СОСО мен адамдар көптеп жиналатын басқа да орындарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы баяндады.

Оның мәліметіне сүйенсек, мұндай тексерістердідепартамент сауда нысандары мен  ойын-сауық кешендерінде жыл сайын өткізеді. Олардың жалпы ауданы 1500 шаршы метрден асады. Департаменттің есебінде 117 сауда нысаны бар. Олардың 83-і – сауда үйлері, 9-ы – СОСО, 25-і – базар.  

Дұзақбаевтың айтуына қарағанда, Төтенше жағдайлар қызметінің ауданы 1,5 мың шаршы метрден кем болатын нысандарды тексеруге құқығы жоқ. Мамандар тұрғындар тарапынан ресми шағымдар түскен жағдайда ғана тексеріс жұмыстарын жүргізеді.

2017 жылы ерекше тәртіпте 71 тексеріс жұмысы жүргізілді. Олардың нәтижесінде 45 сауда нысанында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу оқиғалары анықталды. 45 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 2 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.

ТЖД бастығының айтуынша, жоспардан тыс тексерістерге жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың түсірген шағымдары негіз бола алады. Шағымда адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің жеке кәсіпкерліктің нақты субъектілеріне қатыстызаңды мүдделеріне қауіп төндірер, зиян келтірер нақты фактілер мен жағдайлар көрсетілуі тиіс.

Астанада жоспардан тыс тексеріс 105 сауда нысаны мен 228 білім беру нысанында жүргізілмек.

Тексеріс жұмыстары осы аптада басталады.

 «Бүгінгі таңда тексеріс жұмыстарын өткізу жөніндегі бастамамен ТЖД-не «Азия парк» және «Хан шатыр» СОСО-ның жетекшілігі арыз түсірді. Сонымен қатар, қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тексеріс жұмыстары «Астаналық» (Артем) базарында жүргізіледі. Аталмыш нысан заңды тұлғаның шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде қайта тіркелуіне байланысты (Кодекс тексерістен 3 жылға босатуды қарастырады) 2015 жылдан бері тексерістен өтпеген», - деді Барат Дұзақбаев.

Астана әкімі нысандардың иелері мен жетекшілерін тексерісті күтпестен, қажетті қауіпсіздік шараларының барлығын қабылдап, өз ғимараттарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді, төтенше жағдай кезінде адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және басқа да әрекеттерді пысықтау мақсатында қызметкерлердің жаттығулар мен нұсқаулықтарды өткізуін жүктеді.

Сондай-ақ, әкім тексеріске ұшырамайтын жалпы ауданы 1500 шаршы метрден кем болатын нысандардың жетекшілеріне (балалар дәмханасы, ойын орындары мен түнгі клубтар) адамдардың өмірін қауіпсіздікпен қамту мақсатында қосымша шараларды қабылдауды өтінді.

 «Сіздің нысандарыңыздың аумағында балалар болғанда, есіктер қашанда ашық тұруы тиіс. Қосымша шығу есіктерін қажетсіз заттармен бекітпеу керек, олардың жанында жанғыш және тез тұтанғыш заттарды қоймау керек. Бұдан бөлек, қауіпсіз жерге көшіру жолдарын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келтіріп, өрт сөндіру техникасының ғимарат аумағына кедергісіз кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет», - деді Әсет Исекешев.

Әкім, сондай-ақ, елордада СОСО-ындағы барлық кинозалдар мен ойын алаңдары соңғы қабаттарда орналасқандығын тілге тиек етті. Олардың ішкі логистикасы өте күрделі. Әсет Исекешев жайбарақат жағдайда да ол жерлерде шығатын есікті табу, шынымен де, қиынға соғатынын айтты. Ал өрт кезінде адамдардың бойын үрей жаулап алғанда, жағдай одан да өрши түседі.

«Ойын-сауық алаңдарын мүмкіндігінше ғимараттардың алғашқы қабаттарында орналастыру жөніндегі сұрақты пысықтау керек. Дәлірек айтқанда, бұл сұрақты СОСО жобаларын қарау және бекіту кезінде ескеріп, нысанды пайдалануға беру кезінде олардың сапасын бақылау жұмыстарын күшейту қажет», - деді Ә. Исекешев.  

Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында Астана әкімі қаладағы барлық сауда ойын-сауық орталықтарында, базарларда, вокзалдарда, мектептерде, ауруханалар мен балабақшалардабекітілген тәртіпте тексеріс жұмыстарын ұйымдастыруды, адамдар көп жиналатын жерлерде көптеп жиналатын жерлерде өрт қауіпсіздігін тексеруді, олқылықтар анықталған жағдайда, оларды жою шараларын шұғыл түрде қолға алуды, адамдар көп жиналатын барлық нысандарда күзет фирмаларының қызметкерлері арасында ересектер мен балаларды қауіпсіз жерге көшіру және олар үшін төтенше жағдайда өзін-өзі ұстау ережелері бойынша нұсқаулықтарды өткізуді тапсырды.

Сонымен қатар, әкім «жеңілдіктер түні», «қара жұма» сияқты акцияларды сауда нысандарында өткізу кезінде қауіпсіз жерге шұғыл түрде көшіру, өрт сөндіру жүйесі мен ескерту жүйесінің жұмысы, апатты шығу есіктері мен қызметкерлердің дағдылануы сынды шараларға көңіл бөлу керектігін басып айтты. Нысандардың әкімшіліктері өз күшімен немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтермен келісім-шарттарды бекіту арқылы  өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.