• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2018

Сенат депутаттары жұмыс сапармен Атырау облысына барды

227 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Сәрсенбай Еңсегенов еліміздің аймақтарға жұмыс бабындағы сапарында Атырау облысындағы Құрманғазы ауданының Асан ауылдық округінде, Үштаған ауылында ауылдық клубында тұрғындармен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының маңызын жан-жақты түсіндірді. 

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейтін құжатта әрбір отбасына баспана алудағы жаңа мүмкіндіктер ашылып, жоғары білім алу, шағын несие беру, еңбекақы мен салық саласындағы жаңалықтар туралы айтылды.

Сенатор еліміздің аймақтарға жұмыс сапары аясында Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты Азғыр өңірінде «7-ші разъезд-Үштаған-Асан-Азғыр-Балқұдық-Сүйіндік» облыстық маңызы бар автомобиль жолының сапасын да қарады. Депутатпен бірге еліміздің Инвестициялар және даму министрлігінің, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының,  «Атыраужолзертханасының», Атырау облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы билік органдарының өкілдері болды.

Сенатор бастаған топ Азғыр өңіріне апаратын автомобиль жолының жағдайымен және пайдалануға жарамды болуы мүмкін жергілікті құрылыс материалдарының сапасымен танысты.