• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2018

Әли Бектаев: Жастардың әлеуметтік жағдайын жасау маңызды

415 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев аймақтарға жұмыс бабындағы сапары аясында Оңтүстік Қазақстан облысында болып, Шымкент, Түркістан қалаларында және Отырар ауданында бірқатар кездесу өткізді.

Сенатордың Шымкент қаласының аграрлық колледжіндегі кездесуіне жергілікті атқарушы билік органдарының, облыстық білім басқармасының өкілдері, саяси партия мүшелері және жастар қатысты. Жиында депутат Елбасының әлеуметтік бастамаларын іске асыру жолдары мен тетіктеріне кеңінен тоқталды. Әли Бектаевтың айтуынша, қазіргі кезде ауылдан қалаға жаппай қоныс аудару мәселесі ерекше назар аударуды талап етіп отыр.

«Көптеген жастар, отбасылар қалаға барсақ жұмыс табамыз, жағдайымыз жақсарып кетеді, үй аламыз деген сеніммен қалаға көшіп жатыр. Көп азаматтар жұмыс тапқанымен үйі жоқ. Пәтер жалдап тұрады. Балаларын бала-бақшаға бере алмайды. Сол секілді түткілдер жиі кездеседі», деді Әли Бектаев.

Сенатор Елбасының бес әлеуметтік бастамасындағы жеңілдетілген пайызбен баспана алу мүмкіндігі дәл осы ауылдан келген адамдарға үлкен көмек болатынын атап өтті.

Сенатордың Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде профессорлар-оқытушылар құрамымен және студерттермен кездесуінде білім-ғылымды дамыту мәселелері туралы айтылды. Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасында айтылған қосымша берілетін білім гранттары, жатақхана құрылысына байланысты ұстаздар қауымы мен студенттер қолдау білдіріп, өз ойларын ортаға салды.  

Депутат Ә.Бектаев Отырар ауданында Шәуілдір ауылының тұғындарымен кездесті. Жүздесуде Елбасының бастамасындағы жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері, салық жүктемесін төмендету, жоғары оқу орындарында білім алудағы жаңалықтар жайында кеңінен әңгіме болды.