• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Парламент 03 Сәуір, 2018

Сенатта діни ахуал талқыланды

286 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы діни қызметті заңнамалық тұрғыда реттеу мәселелері бойынша бірқатар мекемелердің басшыларымен кездесу өткізді.

Қ.Тоқаев кездесуді аша келіп, біздің еліміздегі мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы дағдылы жоғары деңгейде екенін атап өтті. Биылғы 10-11 қазанда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезінің барысында түрлі діндер өкілдерінің өзара құрмет пен төзімділігі мәселелері қаралатын болады.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстандағы діни ахуал және діни қызмет туралы заңнаманы іске асырудағы кейбір мәселелер туралы шараға қатысушыларды хабардар етті.

Мүдделі министрліктер мен мекемелер өкілдері қатысқан кеңес қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар қабылданды.