• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Сәуір, 2018

Тараз көшелерінде «ақылды» өткелдер салынады

405 рет
көрсетілді

Бүгінде екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһарының сәулеттік келбетін өзгерту, тың идеялар мен бірыңғай бастамалар арқылы қала көркін қалыптастыру жұмыстары жалғасып келеді. 

Бұл орайда шаһар шеңберінде түрлі жобалар қолға алынып, жемісті жүзеге асуда. Әсіресе шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін саябақтарды қайта жаңғырту, көшелерді абаттандыру сияқты мәселелер шешімін табуда.  Алайда бүгінде қаланы жарық­тандыру, жол белгілері мен бағдар­шамдар орналастыру мәселесі маңызды болып отыр. Мәсе­лен, қазірде Тараз қаласын­дағы 14 көше мен 84 көше қиылысын­дағы бағаналардың тозығы жетіп тұр.

Сонымен қатар облыс орталы­ғын­дағы Жамбыл даңғылының бойын­да орналасқан 68 бағдаршамды да ауыстыру қажет. Жұмысты жүзеге асыру үшін бұл мақсатқа 19 миллион теңге қаражат қарастырылады.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов шаһар көлеміндегі бағаналар жайын, қала көшелеріндегі жарнама тақтайшалар мен билбордтардың ахуалын сынға алған болатын. Әкімнің бұл сынына орай тиісті мемлекеттік мекемелердің басшылары да қала келбетін арттыруда жұмыс істеп отырғанын айтқан. Ал Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет қаладағы бағдаршамдарды азайтып, кедергісіз көлік ағынын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыс атқарылып жатқанын мәлімдеді.

Алдағы уақыттарда көне шаһар­дың орталық көшелері интеллек­туалды жаяу жүргіншілер өткелі­мен жабдықталып, бұқара­лық ақпарат құралдары мен әлеу­меттік желі арқылы көлік жүргізу­шілердің көлік ағынын азайтуға қатысты ұсыныстарына көңіл бөлі­неді. Сонымен қатар қала көше­лерін­дегі жарнамаларды орналас­тыру ісіндегі жүйесіздіктерді рет­теумен айналысатын арнайы құры­лым пайда болуы мүмкін. Егер пай­да болған жағдайда, аталған мекеме жарнаманы талапқа сай орналастыруға, бірыңғай дизайнмен әрлеуге басымдық береді. Бұл өз кезегінде шаһар көркін келтірумен қатар, көне қаланың дәулетіне сәулеті сай келбетін қалыптастырмақ.

Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы