• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Сәуір, 2018

Туған топыраққа тағзым

541 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру, ел мен жердің тарихын танытатын жобаларды қолға алу мәселесі өзекті. Сонымен қатар Президенттің «Туған жерге туыңды тік!» акциясы бойынша да жұмыстар атқару елдік пен ерлікті дәріптейтін дүние.

Қазақтың қай қиыры да қасиетті. Ұлан-ғайыр ұлы даламызда өмір сүріп, өнегелі істерімен танылған тұл­ғалар да жетерлік. Осындай тұғыр­лы тұлғаларды жас ұрпаққа тан­ыту, олардың өнегелі істерін дәріп­теу де руханият әлеміне көр­сет­ілген құрмет. Осы орайда Сарысу ауданының орта­лығы Жаңатас қаласында жергілікті кәсіпкер, «Алтын Орда» ЖШС дирек­торы Дәулеталды Жанбаевтың демеу­шілігімен жарық көрген «Қарасу – Атамекенім» кітабының тұсауке­сері өтті. Аталған кітапқа кезінде Тәуке ханның бас биі болған Есей би, Жарықбас батыр, Бөлтірік шешен, Ерназар әулие, хан Жамбыл секілді тұлғалардың ел тағдыры үшін билік айтқан кезеңдерінен тарихи деректер келтірілген. Кітаптың негізгі мазмұны – жоңғар шапқыншылығы, қоқан қыспағы, одан кейін орыс пен қырғыздың қазақ халқына күш көрсетуі сияқты оқиғаларды арқау ете отырып, ел үшін етігімен су кешкен баһадүр бабалардың ерлігін дәріп­теу. Сонымен қатар аталған тари­хи тұлғалар ұрпағының ел аузынан жина­ған әңгімелері, ұрпақтар сабақ­тастығы арқылы хатқа түскен есте­ліктері топтас­тырылған.

– Қарасу елді мекені Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы қазіргі Алғабас кеңшарының сол­түстік жағында Жамбыл облы­сы­ның Сарысу ауданына шектес Арыстанды, Қоспасу, Үсіктас елді мекендері өзендерінің тоғысқан жерін­де орналасқан. Осы кітапты шығару барысында әңгімемізге арқау болған кешегі өткен баһадүр бабалар жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысы және Жамбыл облысындағы сол бабалардан қалған, қазіргі өмір сүріп жатқан ұрпақтарымен тілдесудің сәті түсті. Сол ағаларыма, бауырларыма және де басқа ағайындарға шексіз алғысымды білдіремін, – дейді Дәулеталды Жанбаев.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне қатысқан көпшілік қауым аталған еңбектің мәні мен маңызына тоқталып, өздерінің пікірлерін білдірді. Елба­сы­ның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласы аясында жарық көрген кітаптың оқыр­манға берері мол.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы