• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Сәуір, 2018

Қой еті Қытайға экспортталатын болды

966 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде «Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан қой етін Қытайға экспорттауға жол ашты» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараға Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі Вете­­ри­нар­лық ба­қылау және қада­ғалау коми­теті төрағасы­ның міндетін ат­қа­рушы Тұрсын Қабул­данов қаты­сып, ми­нистрлік Мемлекет бас­­­­шы­сы­ның тап­сырма­сын орын­дау ая­сын­да отандық өнім­дер­ді ілге­­рі­ле­ту және тауар­­ла­р- ­­ды ха­лық­­аралық нарық­тар­­ға шығару мақсатында стра­те­гиялық іздеу жұ­мыс­тарын жалғастырып отырғанын жет­кіз­ді.

«Ауыл шаруашылығы ми­­нистрлігі мал шаруа­шы­лығы өнімдерін экспортқа шығару бағытында кешенді жұмыстар атқаруда. Оның ішінде көршілес Қытай еліне экспортқа шыға­ру мә­селелері қарас­тыры­луда. Қытай Халық Рес­пуб­­ликасының сапа бақы­лау және карантин бас­қар­­масының сайтында Қазақ­станның 9 облысы­нан ҚХР-ға мұздатылған қой етін им­порттауға ресми ше­шім қабыл­дан­ған ақпарат шық­­ты. ҚХР-дан 2017 жылы Қазақ­стан­ның 5 кә­сіп­орны инс­пекция жаса­лып, тек­серіліп, олар Қытай Ха­лық Республикасы­ның ре­ест­ріне енгізілген. Бүгінгі күні Қа­зақ­станның 9 облысынан 5 кә­сіп­орын арқылы Қытайға қой­­дың мұздатылған етін экс­порт­­тауға жол ашылды», деді Т.Қабулданов.

Қытай Халық Респуб­ли­ка­сына мұздатылған қой етін экс­порттайтын 9 облыстың ішінде   Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Қостанай о­блыс­тары бар. Аталған аймақ­тар аусыл ауруларына қарсы вакцина егілмейтін таза өңірлер болып саналады.

«Сонымен қатар Иран елі­мен де хаттама толтырылған. Ве­те­ринарлық сертификаттары келісілген. Былтыр ол елге 4800 бас қой тірідей жөнел­тілді. Жә­­не Сауд Арабия­сы­мен де ке­лі­сім шаралары жүр­гізіліп, өт­кен жылы Бірі­к­кен Араб Әмір­лік­теріне 3400 бас қой тірідей экспорт­талды. Оның сыртында осы елге сиыр мен қой еті де жөнел­тілді. Сондай-ақ Қытай елі­не бірінші рет 2017 жылдың жел­тоқсан айында 153 бас асыл тұқымды қолданыста болатын жылқылар тірідей экспортталды», деді комитет төрағасы.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»