• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Сәуір, 2018

Бурабай туристерді жыл бойы қабылдайды

1709 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда Ақмола облысында туризмді барынша тартымды ету тетіктері жетілдіріліп келеді. Жаз айлары қызмет бағасын аспандатып жіберіп, қыс бойы тапқан табысын кеміріп жататын уақыт біртіндеп келмеске кетіп барады. Енді Бурабай курортты аймағы туристерді жыл бойы қабылдауға дайын екендігін көрсетіп отыр. 

Елімізге ғана емес, алыс та жақын шетелдерге бел­гі­лі курортты аймақтың жыл бойы туристерді қабыл­дай алатын  Ақмола об­лысының туристік ақ­па­рат­тық орталығы ұйым­дас­­тырған арнайы екі күн­дік баспасөз туры бары­сын­да көз жеткіздік. Іш­кі саясат бас­­қармасы Өңір­лік ком­му­­ни­кациялар қыз­ме­ті­нің қол­­­да­уымен ұйым­дас­ты­рыл­ған баспасөз турына шамамен 30 адам, соның ішінде республиканың жиырмаға тарта жетекші бұқаралық ақ­парат құрал­дарының өкіл­дері қатысты.

Соның барысында курортты аймақтың сұ­лу да көрікті табиғатын та­ма­­шалауға мүмкіндік туды. Бұ­дан басқа, бұқаралық ақ­парат құралдары өкіл­де­ріне «Four seasons» тұжы­рым­дамасы бойынша жыл бойы туризмді дамыту жол­дары түсіндірілді. Жә­не де жергілікті билік ор­ган­дарының туризмді да­мы­­ту жоспарларымен жа­қын таныстық. Жалпы, жыл бой­ы туризмді дамыту тұ­жы­рымдамасына сәйкес Щу­чье-Бурабай курорттық айма­ғын­да туризмнің бар­лық түр­­леріне респуб­лика­лық жә­­не халықара­лық дең­гейде ау­­қым­ды мәдени-спорт­тық ша­раларды жүзеге асы­ру көз­деліп отыр.  Бұл ретте Ақмола облы­сы Туризм басқар­ма­сы­­ның туристік ақпарат ор­­талығы біраз шаруа­лар­ды да тындырып тастады. Түркияның тури­зм са­ла­­сындағы «Balikesir Uni­ver­­sity» білім ошағының ту­ри­з­м және қонақ үй ша­руа­шы­лығы факультетін та­ма­мдаған орталық жетекшісі Данияр Идиятов Бурабайға туристерді жаппай және жыл бойына тарту басты мақсаттары екенін айтады. Данияр өзі туып-өскен өлкені дамытуға да құлшынып тұр. Оған тәжірибесі мен білігі де жеткілікті.

Жалпы, Ақмола облы­сы­ның туристік әлеуеті зор. Қысқы және жазғы мез­гіл­­дері тау-шаңғы базалары мен туристік бағыттар бо­й­­ынша туристердің де­м­алу­­ларына барлық жағ­дай жа­салған. Осыған орай ем­деу-сауықтыру, мә­дени-та­­нымдық, эко­логия­лық, бұ­қаралық спорт және іскер­лік туризміне ерекше ден қойылып отыр. Әри­не мұн­дай кезде қызмет көр­се­ту сапасына деген талап та арта түседі. Осы тұр­ғы­дан келгенде қызмет көр­сет­у­ді және туристік ин­дус­трия­ны жақсартудың ма­­ңызды қадамы қонақ үй­лер­дің қызмет көрсету сапасын арттыру екендігі айтпаса да түсінікті. Осыған орай өңір­дегі қонақ үйлер мен де­малыс орындары санатын арт­­тыру жолында жүйелі жұ­мыстар жасалуда екендігі атал­май қалмады. 

Баспасөз туры аясында бұқаралық ақпарат құ­рал­­дарының өкілдері, туристік орын­­дардың жоғары сапа­сы мен көрсетілетін қыз­мет­теріне өз бағаларын бе­ріп жатты. Жалпы, мұндай бас­пасөз турлары Бурабай ау­да­нының туристік қызмет ны­сандарының жайына назар аудартып ғана қой­май, жар­нама науқанын ұйым­дас­ты­руға таптырмайтын тетік. Бұл өз кезегінде әлгі демалыс орындарына әлеуетті тапсырыс берушілер қатарын молайта түсуі тиіс. 

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы