• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Теннис 06 Сәуір, 2018

Попко Чиличке ұтылды

299 рет
көрсетілді

Хорватия - Қазақстан құрамалары арасындағы ойында есеп өзгерді. Корт иелері 1:0 есебімен алға шықты. 

Әлемнің үшінші ракеткасы, адуынды Марин Чилич отандасымызды оңай ұтты десек артық емес. Әрине, 21 жасар жас теннисшіге жоғарғы деңгейдегі шеберге қарсы тұру оңайға соқпады. Алғашқы сетте есеп 6:2 болды. Алайда, алғашқы 5 геймге дейін қос қарсылас терезесі тең ойнап келді. Одан кейін басымдылықты қолына алған Чилич өз жанкүйерлерінің алдында желпініп кетті. Қатарынан 9 геймде жеңіске жетіп, есеп айырмасын жақсартып алды. Екінші сетте есеп 6:1 болса, үшіншісінде 6:2 болып тіркелді. Матч бойы 10 эйс жасаған хорватиялық жалпы есептегенде 98 рет ұпай еншіледі. Матчта болған 23 геймнің 18-ін ұтты. 

Ендігі ойын Борна Чорич пен Михаил Кукушкин арасында өтпек. 

Ермұхамед Мәулен,

Хорватия.