• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2018

Атырауда өзен вокзалы салынады

269 рет
көрсетілді

Атырау десе мұнайдан кейін балық еске түседі. Бірақ өңірде бірде-бір балық мейрамханасы жоқ. Қала әкімі Серік Шәпкенов кәсіпкерлермен кездесуде осы жайтқа тоқталды. 

«Бұрынғы өзен вокзалын қалпына келтіріп, балық мейрамханаларын ашуды қолға алу керек», – деді шаһар басшысы. Бұл ұсынысқа жергілікті кәсіпкерлер де қызығушылық танытып отыр.

«Амангелді» ЖШС ди­рек­торы Сәбит Сағидуллин әкім­­дік берген өзен трамвайлары жүре­тін екі айлақты алға қарай абат­тан­дырғылары келе­тіндерін айтады. Мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында жоспарланған жұмыстар қатарында өзен вокзалын салу да бар.  Қазір вокзал құрылысының жобасы әзірленуде. Қос құрлықты бөліп жатқан Жайық өзе­нінде вокзалдың болуы мұнайлы мекенге туристер тартуға оң ықпалын тигізері сөзсіз.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ