• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2018

Майқайың кентінде «Астана бас қалам» атты байқау өтті

555 рет
көрсетілді

Баянауыл ауданының Майқайың кентінде «Кенші» мәдениет үйінде мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері арасында Астананың 20 жылдығына арналған «Астана бас қалам» атты байқау өтті. 

 

Оған 4 пен 6 жас аралы­ғындағы бал­дырғандар қа­тыс­ты. Олар бірнеше кезең бойынша бақ сынасты: бал­дырғандарды таныстыру, өнер, сән үлгісі. Байқауға ауданымыздың әр ауылынан өнерлі балалар жиналды. Олардың ішін­де Мәшһүр Жүсіп Кө­пей­ұлы атындағы мек­тебі­­міздің «Еркетай» шағын орталығының талантты әрі сүйкімді тәрбие­ленушілері Інжу Жұмкен мен Кәусар Мұрат шағын орталы­ғымыз­дың намысын қорғады. Байқау нәтижесі бойынша Кәусар Мұрат 3-орын алса, Інжу Жұмкен «Талантты әнші» ата­лымын иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мөлдір ӘСЕТҚЫЗЫ, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы мектептің көркемдік жетекшісі

Павлодар облысы,  Баянауыл ауданы,  Жаңажол ауылы