• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2018

Маңғыстауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 37 жоба іске асырылуда

429 рет
көрсетілді

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелері бойынша Маңғыстау облысының өңірлік МЖӘ орталығы АҚ басқарма төрағасы Елдан Әлібековтың айтуынша, қазіргі таңда  Маңғыстау облысында экономиканың түрлі салаларында 239 млрд. теңге жалпы сомасына 37 МЖӘ жобасы іске асырылуда. 

Нәтижесінде 8 608, оның ішінде құрылысын салу кезеңінде 6 139, пайдалану кезеңінде 2 469 қосымша жұмыс орнын құру жоспарлануда.

– Жобаларды іске асыру есебінен 1 587 жұмыс орындарын құру жоспарлануда. 8,3 млрд. теңге сомасына инвестициялар тартумен 11 жоба бойынша МЖӘ шарттары жасалынды, олардың қатарында  тұрғын үй құрылысы бойынша құны  2 338 млн. теңге тұратын   1 жоба, білім беру саласына қатысты 2 034 млн. теңгеге есептелген 8 жоба,   денсаулық сақтау  саласы бойынша51 млн. теңге құрайтын  1 жоба және  дене шынықтыру және спорт саласына 3 861 млн теңгелік  1 жоба бар. Жобаларды іске асыру есебінен 1 313 адам жұмыспен қамтылатын болады. Сондай-ақ, 110 млрд. теңге сомасындағы 10 жоба іске асыру сатысында тұр,  – деді Маңғыстау облысының өңірлік МЖӘ орталығы АҚ басқарма Төрағасы Елдан Әлібеков.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы