Қазақстандағы әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған құжат – «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» ұлттық тұтастықты нығайтуға, әлеуметтік саланы бекемдеуге ерекше көңіл бөлінгендігін атап өткім келеді.
Мәселен, баспана қолжетімді болса, жастар грант арқылы тегін білім алса, ол мемлекеттің болашағы баянды болмақ.
Бұл – жаһандану заманында ұрпақтың нанотехнологияны алаңсыз игеріп, уайымсыз өсуіне бағытталған негізгі жоба. Әлеуметтік салаға бағытталған түрлі бағдарламаларды жұрт болып жүзеге асырғанда ғана, ұлы мақсаттарға жетуге болады. Сол себепті бұл барлық әлеуметтік бастамалар өте маңызды. Мысалы, халықты баспанамен қамту, көгілдір отын жеткізу, салық төлемдерін мейлінше азайту көпшіліктің әлеуметтік жағдайының жақсаруына әсер етеді. Шағын несиелік инновациялық жобалар мен «7 – 20 – 25» бағдарламасы да бүгінгі нарықтық экономикада әлеуметтік бағыттың дамуына негіз болады.
Равшан НАЗАРОВ, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих институтының «Заманауи тарих және халықаралық зерттеулер» бөлімі меңгерушісінің орынбасары