• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Сәуір, 2018

Бес әлеуметтік бастама нақты нәтижеге бағытталған

217 рет
көрсетілді

Әрбір қазақстандықтың әлеуеттік тұрмысы үшін қолға алған Елбасының әлеуметтік бес бастамасын үкіметтік емес ұйымдар да ризашылықпен қабылдап отыр.

«Қазақстан-2050» Страте­гия­сына жету жолындағы және «Қазақстан-2025» Стра­тегия­лық жоспарын жүзеге асыру­да бұл игі бастамалар өз кезе­гін­де іргетас болатыны анық.

Бұл тұрғыда үкіметтік емес ұйымдардың белсенді­лігі халық пен үкіметтің ара­сына үлкен дәнекер, сон­дай-ақ мемлекеттік саясатты түсіндіруде, қоғамды бірік­тіруде аса үлкен маңызға ие.

Сонымен қатар біздің инс­титут қоғамдық тыңдауларға, халықпен кездесулерге және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс істеу арқылы Президенттің атал­мыш Үндеуінің негізгі мін­деттерін іске асыруға белсенді қатысу үстінде.

Тұтастай алғанда, Ел­басының 5 әлеу­меттік бас­тамасының қа­зір­­гі қоғам­ның ең өзекті деген мә­се­лелерін шешуге ықп­алы көп бола­тыны күмән туғызбайды. Бұған қоса, аталған бастамалар қазақ­стандықтардың бола­шағына деген сенімін нығайтатын тағы бір маңызды қадам деп айтуымызға толық негіз бар.

Маргарита ӨСКЕМБАЕВА, «Тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының президенті