• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Сәуір, 2018

Табиғатты бейнелейтін 111 туынды

2238 рет
көрсетілді

Бүгінде саябақтарда, табиғат аясында қоршаған орта көрінісін кенепке түсіріп жатқан жастарды жиі кездестіресіз. Әсіресе көктем шыға таулы аймақты бетке алып, кенеп бетіне табиғат сұлулығын суретші көзімен саралап, өмір, заман, қоғам жайлы түйіндеген ойын жеткізгісі келетіндер көп.

Солардың арасында өңірімізге белгілі қылқалам шебері, Суретшілер ода­ғының мүшесі Сұлтанбек Жаңбыр­ши­евтің де шәкірттері аз емес. Жуырда суретшінің «Көктем шақырады» та­қырыбында жеке шығармашылық көр­месі өтіп, оған қылқалам шеберінің жек­е қорынан жинақталған 111 туын­ды­сы қойылды. Туындыларының басым бөлігінде сұлу табиғат бейнелен­ген. Осылайша автор туған жерге деген сүйіспеншілігін білдіреді. Суретші шы­найы жеткізу үшін әсем таби­ғат­тың аясында жұмыс істейтінін, ал ұстазының көрмесіне келген шәкірттері  туындылардың ерекше шабыт сыйлайтынын айтады. 

«Менің жұмыстарымда түспен қалай жұмыс істеу қажеттігі көрсетілген. Және композицияны қалай құруды да үйренуге болады. Осы сияқты ерекшеліктер менің жұмыстарымнан айқын көрініп тұрады. Біздің шәкірт­те­ріміз  осы жердегі жұмыстар си­яқ­ты суреттер салуы керек. Сол үшін оларға көрнекілік есебінде де көрме ұйымдастыруды жөн көрдік. Көр­ме­ге қойылған туындылардың барлығы еш­қан­дай көшірме емес, табиғаттың шынайы кө­рі­ністері», дейді қылқалам шебері.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ, «Егемен Қазақстан»

ШЫМКЕНТ