• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №62/108

315 рет
көрсетілді

Астана қаласы,  2011 жылғы 21 қараша Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12 және 31-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы Нұсқаулық облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін. 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ. Тұрғанқұлов, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б. Мелдешов.   Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау комиссиясының  2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108  қаулысымен бекітілген   Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу жөніндегі нұсқаулық 1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Президенттігіне, Парламенті мен мәслихаттарының депутаттығына кандидат­тар­дың (бұдан әрі – кандидаттар), партия­лық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың (бұдан әрі – саяси партиялар) сенім білдірілген адамдарын тіркеуді нақтылайды. 2. Кандидаттар, саяси партиялар сенiм бiлдiрiлген адамдарын өздерінің қалаулары бойынша тиісті сайлау округiндегi әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда анықтайды және оларды тiркеу үшiн тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлай­тын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың үштен аспайтын сенім білдірілген адамдары болады. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың әрбiр ауданда, қалада, қалада­ғы ауданда бір-бірден сенім бiлдiрiлген адамы болады. 3. Кандидаттар олардың Қазақстан Рес­публикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақ­стан Республикасының 1995 жылғы 28 қыр­күйектегі Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң), «Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы жергілікті мемлекеттік бас­қару және өзін-өзі басқару туралы» Қа­зақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының талаптарына сәй­кес­ті­гін тиісті сайлау комиссиялары анықтаған­нан кейін өздерінің сенiм бiлдiрiлген адам­дарын тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді. Саяси партиялар Орталық сайлау ко­миссиясына партиялық тізімдерін ұсын­ған­нан кейін сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді. 4. Кандидаттардың сенім білдірілген адам­дарын тіркеу туралы өтінішті Қазақ­стан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына, Пар­ламент Сенатының және мәслихаттары­ның депутаттығына кандидаттардың өздері не нотариаттық куәландырылған сенімхат­тың негізінде өзге адамдар беріп, қол қояды. Саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы өтінішті «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республика­сының 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңына және саяси партияның жарғысына сәйкес уәкілетті адам беріп, қол қояды. 5. Сенім білдірілген адамдарын тіркеу үшін кандидаттар, саяси партиялар тиісті сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады: 1) сенім білдірілген адамдарын тіркеу ту­ралы қағаз және электрондық түрдегі өті­ніш. Өтініште азаматтығы, тегі, аты, әке­сі­нің аты (болған кезде), атқаратын лауазымы, туған күні, айы және жылы көрсетіледі; 2) азаматтың кандидаттың, саяси партияның сенім білдірілген адамы болуға келісетіні туралы өтініші. 6. Аумақтық сайлау комиссиялары Президенттікке, Парламент Сенатының депу­тат­тығына кандидаттардың, сондай-ақ саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеуді жүзеге асырады. Округтік сайлау комиссиялары мәсли­хат­тардың депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеуді жүзеге асырады. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлай­тын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адам­да­рын тіркеуді Астана немесе Алматы қаласы­ның сайлау комиссиясы жүзеге асырады. 7. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу не тіркеуден бас тарту туралы шешімді тиісті сайлау комиссиясы екікүндік мерзімде қа­был­дайды. Сенім білдірілген адамдарды тіркеу не тіркеуден бас тарту тиісті сайлау комис­сиясының хаттамасымен ресімделеді. Тиісті сайлау комиссиясы сенім білдірілген адамдарды тіркегеннен кейін оларға Орталық сайлау комиссиясы белгілеген нысан бойынша куәліктер береді. 8. Тиісті сайлау комиссиясы кандидат­тың, саяси партияның сенім білдірілген адамын тіркеуден мынадай жағдайларда, егер ол: 1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмаса; 2) Конституциялық заңға сәйкес сайлау комиссиясының мүшесі болып табылса; 3) «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына сәйкес мемлекеттік саяси қызметші лауазымын атқарса, бас тартады. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауды өткізу кезінде, осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында аталғандарға қоса, Қа­зақ­стан Республикасы мәслихатының де­путаты сенім білдірілген адам болып тіркеле алмайды. 9. Осы Нұсқаулықтың 8-тармағына сәйкестік осы Нұсқаулықтың 5-тармағына сәйкес кандидат, саяси партия ұсынған құжаттардың негізінде анықталады. 10. Сенім білдiрiлген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн, өз ұйғары­мы­мен, кандидаттың және саяси партияның шешiмiмен, сондай-ақ кандидатты, партиялық тiзімдi тіркеудiң күшi жойылған, Конституциялық заң бұзылған жағдайларда өз мәртебесiнен айырылады.