• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Сәуір, 2018

Меценаттың мектебі

440 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан тура бір жыл бұрын жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Тәуелсіздік жылдарында қалыптасып, мол табысқа қол жеткізген кәсіпкерлердің елге, туған жерге бет бұрып, қолдау мен қамқорлық көрсетуінің мезгілі туғанын айтып, тың үндеу тастаған болатын. 

      T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Жұрт алдындағы парызын қалтқысыз өтеп жүрген іскер адамдарға деген құрметтің де ерекше болатынын Мемлекет басшысы түйіндеп айтқан-ды. Демек, осы лекте біз ел ішіне сүйкімді жандар жайлы жазуға міндеттіміз.

...Бауыржан Оспанов есі­мін қазір әйгілеудің қажеті аз. Қазақ­стандағы табысы зор адам­дардың көшін бастаған кәсіп­кер. Және бұл кісі өзінің туған же­ріне деген шексіз құрметі пен қамқорлығы үшін аялауға тұ­ра­тын адам. Қазір Ос­панов туған Жыланды ауы­лы­ның аты жерұйық Жетісу, жал­пақ Қазақстаннан асып, әлемге әй­гілі болып кетті. Және бұл даңқ кә­сіп­кердің есімімен байланысты емес, керісінше шалғай ауылдағы шағын мектептің оқушыларының жетістігі арқылы келіп жатыр.

Осыдан біраз жыл бұрын Бауыр­жан Оспанов туған ауылында физика-математика бағытында те­рең­детіп білім беретін мектеп-интернат салып берген болатын. Балалық шағында өзі де осындай мектепте оқыған еді. Үздік оқы­ғаны тағы бар. Жетістікке же­туі­нің негізі сол алған білімінде жатыр. Содан ба, қазір үнемі ізденіске құмар, топ жаруға талпынатын жастарды жинап, қолдау жасауға дайын тұратыны. Осы оймен аймақтағы дарынды балаларды іріктеп алып, алаңсыз білім алуы үшін жағдай жасауға бел буды. Ауылда бір кездері өзіне білім берген алғыр ұстаздарының алдына міндет қойды. Сырттан мақсатына адал мұғалімдерді із­деп тауып, жұмысқа шақырды. Олар­ды үй-жай, жалақымен қам­ты­ды. Барлығының алдына жал­ғыз мақсат қойды: үздік шәкі­рт тәр­биелеу! Меценаттың талабы қазір толық орындалған сияқты.

– Қазақтың баласы ешкімнен кем болмауы керек. Әсіресе дарын­ды, ілімге құштар өрен алаң­сыз өсіп, тек қана оқуға ынталы бо­луы тиіс. Жыландыдағы мек­теп­­те қазір бала қабілетінің да­муы­на барлық жағдай бар. Жұрт сүйсініп жатыр. Бірде Атыраудағы олимпиадаға барған біздің балалар айтып келді. Олардың құрас­тыр­ған роботтарын көрген облыс әкімінің орынбасары қатты таң­да­ныпты. Шынында, облыстан әрі, қаладан тым шалғайдағы Жы­лан­дыдағы мектептен қазіргі за­манғы озық технологиямен бас­қа­рылатын робот жасаушылар келді деп кім ойлаған, әрі бәйгені шаппай бер деп тұрса, дейді мецанат ризашылығын жасыра алмай.

Қазір Жыланды ауылындағы дарынды балаларға арналған мектеп- интернатта төрт жүзге жуық бала білім алып жатыр. Оқушы­лар­дың қатарын көбейтіп, 500 орындық етсем деген ойы бар екен Оспановтың және респуб­ли­каның түкпір-түкпірінен талантты оқу­шыларды таңдап алмақ ниетте. Бір кереметі, бұл мектептің оқу­шыларына елі­міздегі айтулы жо­ғары оқу орында­ры жиі «құда түседі» екен. Бі­лім сапасының күштілігіне көз жет­кізген рек­тор­лар Жыланды мектеп-ин­тер­натының түлектеріне тегін грант беруге дайын. Тіпті интернат түлектері Мәскеу мемлекеттік университетіне шақырту алып отыр.

Айтпақшы, бұл мектеп-интернат Бауыржан Оспановтың туған жерінде шаңырақ көтерген жалғыз оқу орыны емес. Кәсіпкер Лепсі ауылынан жас спортшыларға ар­нап тағы бір мектеп ашты. Жас­­­өпірімдерді спорттың олим­пи­­­а­далық түрлеріне баулитын ин­тернат­та қазір еліміздің жер-же­рінен жиналған болашақ саң­лақ­­тар тәрбиеленіп жатыр. 750 бала­ға арналған мектепте барлық жағдай бар.

– Адамның алға басуы үшін терең білім, саламатты өмір салты керек. Менің мек­теп­­терімде осы қағида қатаң сақ­та­лады. Оқушыларға «Елдің атын шығаратын ер болып өсу сен­дер­дің міндеттерің, сендер­ге жағ­дай жасап, ешкімнен кем қылмай тәрбиелеу менің жұ­мы­сым» дегенді айтып отырамын. Қазақтың мәртебесі өсіп жатса, оған менің тамшыдай үлесім болса, адам үшін басқа бақыт­тың керегі не? – дейді мецанат Бау­ыр­жан Оспанов.

Бұл мысалда біз Бауыржан Ос­пановтың туған ауылында аш­қан қос мектеп интернаты жайлы ғана там-тұмдап айтқан болдық. Әлі қираған ауылды аз ғана уақыт арасында гүлдендіріп, шатқаяқтаған шаруашылықты аяғынан қалай тік тұрғызғаны жайлы бөлек әңгіме бар. Оған әлі ораламыз.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы