• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Сәуір, 2018

Жаһандық жарыстар. Мысырлық футбол жанкүйері әлем чемпионатына велосипедпен барады

345 рет
көрсетілді

Мысырлық футбол жанкүйері Мохамед Нуфал Ресейде өтетін әлем чемпионатын тамашалауға велосипедпен баруды жөн санапты.

 

24 жастағы жанкүйер ел астанасы Каирде отбасы және дос-жаран­дарымен қоштасып, жолға шықты. Ол бес мың шақырым жолды 65 күнде жүріп өтуді жоспарлап отыр. Нуфал сапарын Иорданиядан бас­тап, Болгария, Румыния, Молдавия және Украина арқылы жалғамақ.  Мохамед Нуфал жолға өзімен бірге велосипедтің қосымша құ­рылғыларын, қуаттағыш, қосымша ұялы телефон және кемпинг жаб­дықтарын алған. Сонымен қатар ол кейбір елдің жатақ­ханасын­да түнеп, бейтаныс адамдардың үйінде қонуды жоспарлап отыр. «Ма­ған ең бастысы – саяхат маңызды болып тұр. Егер әлем чемпио­натын тамашалағым келсе ұшақпен-ақ баруға болатын еді», дейді Нафал.

Сегіз спортшы қашып кеткен

Аустралияда өтіп жатқан Дүниежүзілік Достастық ойындарында Камерун құрамасындағы 24 спортшының сегізі із-түзсіз кеткен. Бәлкім, олар өз еліне қайта оралмас үшін қашып кетуі де мүмкін деп болжануда.

The Guardian басылымының ақпаратына сенсек, үш атлет 8 сәуір күні қашып кеткен, келесі күні олардың соңынан екеуі ілессе, 10 сәуір күні құрамада тағы үш спортшының жоқ екендігі анықталған. Құраманың баспасөз хатшысы Саймон Моломбенің айтуынша, қашқындардың визасының жарамдылық уақыты 15 мамырда бітеді. Сондықтан атлеттердің қайтып оралуынан әлі де үмітті. 

«Спортшылар түн ішінде кетіп қалған болуы мүмкін. Себебі таңертең оларды бөлмесінен таба алмадық. Спортшылардың бұл әрекеті Камерунды қолайсыз жағдайға қалдырып отыр», деді ол. Қашқындардың тізімінде үш ауыр атлет пен бес боксшы бар. Айта кетейік, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпия ойындарында да бес камерундық спортшы қашып кеткен болатын.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ, «Егемен Қазақстан»