• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Сәуір, 2018

Дмитрий Баландин Испаниядан сегіз жүлдемен оралды

334 рет
көрсетілді

Қазақстанда кенжелеп қалған су спорты, оның ішінде суда жүзу спорты қарқынды дамып келеді. Рио Олимпиадасында сенсациялық түрде алтын медаль алған Дмитрий Баландин соның айқын дәлелі. 

Баландинге дейін жүзу спортынан әлем және Олимпия ойындарына қатысқан спортшыларымыз болды. Бірақ олар Дмитрий Ба­ландин жеткен шыңға көтеріле ал­маған еді. Дмитрийдің студенттер арасындағы Жазғы Уни­версиадада бір алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп ал­ға­нын, Азия ойындарының үш дүр­­кін чемпионы болғанын жан­күйер қауым ұмыта қоймаған болар. 

Жуырда ғана 23 жасқа тол­ған спортшымыз кеше төрт жыл бұрынғы жетістігін тағы қайта­лады. Бұл жолы Испанияның Малага қаласында су  спортынан өткен Испания ашық чемпионатында. Биылғы маусымның басты додасы Индонезияда өте­тін жазғы Азия ойындарына дайын­дықтарын пысықтап жатқан Қа­зақстан құрамасы аталған до­дада сегіз медаль олжалады. Оның үшеуін Дмитрий Баландин ие­лен­ді. Үшеуі де алтын. Испания бірін­шілігінде отандасымыз 200, 100 және 50 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде қарсылас шақ келтірмеді. 

Сондай-ақ Қазақстан чем­пио­натының рекордшысы Әділбек Мусин баттерфляй әдісімен 100 жә­­не 50 метр қашықтыққа жа­ры­су­­дан бір күміс, бір қола жүлде енші­­­леді. Тағы бір отандасымыз Әділ Қасқабай 100 метрге ер­кін әдіс­пен жүзуде күміс, 50 метр­ге жү­­зуден қола алды. Ал Ай­бек Қам­­зенов 50 метрге брасс әді­сім­ен жүзуде қола медалға қол жеткізді.

Әли БИТӨРЕ, «Егемен Қазақстан»