• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Сәуір, 2018

Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

552 рет
көрсетілді

«Астана - таза әрі қауіпсіз қала» акциясының аясында 21 сәуір мен 12 мамыр аралығында сенбілік өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайты хабарлайды.

Астана әкімдігінің мәліметі бойынша сенбілікке 100 мыңнан астам адамды қатыстыру жоспарланған, 1000 астам мекеме мен кәсіпорын, 49 жоғары және орта арнаулы оқу орны, 184 мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекеме, 73 денсаулық сақтау мекемесі, 152 мемлекеттік мекеме, ведомства мен ұлттық компаниялар. Сонымен бірге, 560 техника тартылатын болады. Қатысушылар күрек, тырма, қолғап, қоқыс салатын қапшық сияқты құралдармен қамтамасыз етіледі. 

Сонымен қатар Астана әкімдігі «ЕСО Астана айлығы» жобасын іске қосты, онда 4 бағыт бар: «Біз достың пен таза аула үшін!», «ЕСО university», «ECO college» және «ECO school». Жоба – қала экологиясын жақсартуға және өскелең ұрпақтың азаматтық белсенді позициясы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыруға шақырады. 

Бұдан басқа, санитарлық тазалау бойынша «Бөлек жинау» іс-шарасын өткізу жоспарлануда, яғни Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінің жағалауын тұрмыстық және өндірістік қалдық заттардан тазалау кіреді, оған Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерін, еріктілер мен әскери бөлімнің әскери қызметшілерін тарту арқылы жасалады. 

Қала әкімдігі абаттандыру, санитарлық тазалау ережесіне сәйкес, Астана қаласы аумағының тазалығын қамтамасыз ету және тазалауды ұйымдастыруды, жеке кәсіпкерлік нысандарының иесі мен қалалық және республикалық құрылым бөлімшелерінде істейтін жұмысшылар периметр бойынша ғимараттың айналасын 5 метр қашықтыққа дейін тазартуы қажеттігін еске салады. 

Қазіргі таңда барлық жекеменшік кәсіпкерлік және мемлекеттің қарамағындағы нысандарды тексеріп жатыр. Абаттандыру ережесін сақтамаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 505-бабына сәйкес «қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру»  бойынша айыппұл салынады. Қаладағы барлық құрылыс нысандарын 29 наурызда тексеру барысында 44 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды, әкімшілік жауапқа жыл басынан бері құрылыс алаңдарында санитарлық талапты сақтамағаны үшін 87 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды.   

Астана әкімдігі қоғамның назарын қала көшелерінің тазалығын сақтауға және экологилық мәдениеттің қалыптасуына өз үлесіңізді қосуға шақырады.