• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Футбол 13 Сәуір, 2018

"Бавария" мен "Реал" бір біріне қарсылас атанды

626 рет
көрсетілді

Жартылай финалдағы қарсыластар анықталды. 

Алдымен Еуропа Лигасының жартылай финалының жеребе тарту рәсімі өтті. Францияның "Марсель" командасы аустрияның "Зальцбург" командасына қарсылас атанса, лондонның "Арсеналы" испанияның "Атлетико" Мадрид клубымен күш сынасады. Алғашқы ойындар 26 сәуір күні өтеді. 

Ал Чемпиондар лигасында "Ливерпуль" - "Рома" жұбы құрылса, екінші жартылай финалдық матчта "Бавария" мен "Реал" Мадрид командалары бір біріне қарсылас атанды. 

Алғашқы матчтар 24, 25 сәуір күндері өтеді.