• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Сәуір, 2018

14 сәуірге арналған ауа райы

580 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және орталық бөліктерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22, Жалаңашкөл ауданында екпіні 27 м/с-ға дейін күшейеді, түнгі уақытта тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с-ға дейін күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, желдің күші 15-20 м/с болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз көктайғақ, желдің 

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік сақталады.