• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Сәуір, 2018

2017 жылы «Сергек» камералары жол-көлік оқиғаларын 18% дейін төмендетті

218 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев, Астана әкімі Әсет Исекешев, Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов жұмыс барысымен ситуациялық орталыққа барып, «Сергек» жобасын іске асыру жөніндегі мәселелерді талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Асқар Жұмағалиевке «Сергек» фото-бейне тіркеу жүйесінің барлық мүмкіндіктері, Qamqor айыппұл төлеу жүйесі мен әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі таныстырылды.

Әсет Исекешев «Сергек» камерасын орнату және «нөлдік төзімділік» қағидасын іске асыру жоспары орта есеппен қылмыс жағдайын 30%-ке, ал жол-көлік оқиғаларын — 18%-ке төмендетуге ықпал еткенін атап өтті.

Таныстыру барысында вице-премьер ІІМ-ге Бас прокуратура мен ІІМ-нің ақпараттық жүйелерін біріктіру рәсімін жеделдетуді тапсырды.

Бүгінде камераларды орнатудың бірінші кезеңі аяқталды. Қалада 6365 камера біріктіріліп, орнатылды. Бүкіл қаланы «Сергек» камераларымен қамту 2018 жылдың 1 маусымына дейін аяқталмақ.

қарай делегация Astana LRT офисінің жұмысымен танысты. Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов қаланың зияткерлік көлік жүйесі — бағдарламалық-аппараттық кешенді көрсетті. Ол бағдаршамдар мен бейнебақылау жүйесін орталықтан басқаруға мүмкіндік береді. Мамандар ITS жобасы аясында аялдамаларға жолаушыларға автобустың келу уақыты туралы ақпараттандырып тұратын табло орнатылғанын айтты. Таблоға қажеттілік туындаған жағдайда ТЖ мен басқа да алдын ала белгісіз болған жағдайлар туралы қосымша ақпараттарды орналастыруға болады.

Диспетчер орталығына келген қонақтар тәулік бойы жедел режимде жүргізілетін орталықтандырылған басқарманың тасымалдау процесімен танысты. Арнайы экранда қаланың картасы және қозғалыс кестесін бақылайтын индикаторлы барлық автобустың жағдайы көрсетілген. Қызыл — уақыттан бұрын жүру, сары — уақыттан қалып қою, жасыл — кестеге сәйкес жүру. Аталмыш картада ауытқу болған жағдайда, схема өзгерген кезде, ТЖ барысында автобустардың статусы өзгергені көрсетіледі.

Асқар Жұмағалиев аталған барлық функциялар қала халқының өмірін айтарлықтай қолайлы етіп, жақсарта түсетінін айтты.

«Біз бүгін жобалардың дайын екенін көрдік, олар дұрыс жұмыс істеп тұр, әкімдік тұрғындардан түскен шағымдар мен өтініштерге жедел әрекет етіп, жауап береді. Бізге енді тағы бір маңызды жұмысты жүргізу керек — барлық ақпарат қолжетімді болатын мобильді қосымшаны әзірлеп, жетілдіру. Себебі енгізіліп жатқан технологиялар барлығымыздың қауіпсіздігіміз бен жайлылығымызды қамтамасыз етеді, демек қалалықтар оларға оңай қол жеткізуі керек», — деді вице-премьер.

Қазіргі таңда жолаушылар автобусымен 500 мыңнан астам тұрғын қатынайды.

Нысандарды аралау қорытындысы бойынша барлық жауапты қызмет орындарына тиісті тапсырмалар берілді.