• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2018

Павлодарда Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор тағайындалды

257 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университет ректоры Гаухар Ахметова оқу орнының ұжымына Рам Виранджанды таныстырды.

PhD докторы, профессор Рам Виранджан Үндістанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі - Курукшетр универитетінің бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.

Енді оқу орнына жаңадан тағайындалған проректор Рам Виранджи 9 ай бойы атқаратын жұмысы біздің жергілікті университетке Үндістан, Пәкістан, Шри-Ланка, Бангладеш, Қытай елдерінен студенттер мен талапкерлерді тартуға бағытталады.

Жаңа проректор жоғары оқу орындарының топ-менеджментіне шетелдік мамандарды тартуды мақсат ететін еліміздің 2016-2019 жылдарға арналған Білім және Ғылымды дамыту бағдарламасы аясында тағайындалды.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген Руфина Торпищева