• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2018

Павлодарда «Гуканне вясны» мерекесі өтті

386 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы  «Беларусь»  этно-мәдени орталығы  жұртшылықты  «Көктемді шақыру»  мерекесіне шақырды.

Бірлестік   жетекшісі Любовь Богнаттың айтуынша,  «Гуканне вясны» деген белорус халқының мерекесі. Наурыз секілді жаңару, табиғаттың  жаңғыруы. Гукание яғни, құстар гу-гулеп келіп, көктемді өз қанаттарымен әкеледі деген сенім бар. Мереке 14 наурыздан басталып, көктем айлары бойы тойланады. Беларустардың нанымы бойынша, көктем Лада сұлулық жебеушісі бейнесінде келеді. Лада келсе, күн жылы болады, күзде егін мол, адамның өмірі де жайнап гүлденеді. Гукание- көктемді шақыру керек, қағаздан  құстарды дайындап, алдымен  көктемді шақырады. Этно мәдени орталық үшін басты мақсат-жастар, кішкентайлар  өз халқының салт-дәстүрлерін білуі қажет.    

Мерекеге келгендерге құстардың түрінде «жаворанки» деп аталатын тоқаштар таратылды. Жиналғандарды жергілікті Ассамблея төрағасының орынбасары  Сейсенбай Жетпісбаев құттықтады.  Қонақтар тілектерін айтып, ағашқа қағаздан жасалған құстарды ілді. Мерекеде беларусь орталығының «Карамель», «Крыницы», «Жаураначек», «Пралески», «Свитанак», «Надзея» жастар мен балалар ансамбльдері және «Дабранач» вокалды-аспаптық ансамблінің орындауында әндер шырқалды, билер биленді. Ән сөздерінің соңы «Гу, гу» деп гукание шақыруымен жалғасады.

Бірлестікте алқа кеңесі, әртүрлі бөлімдер, беларусь ардагерлер кеңесі, жастар қанаты «Крыницы» жастар вокалды ұжымы, «Жаураначак» би ұжымы, «Падарунки» театралды студиясы, қасықтар ансамбілі, «Истоки» жастар клубы, «Беларусачка” әйелдер клубы жұмыс істейді. Орталық халықтық салт-дәстүрлерді жаңғыртуда, дәстүрлік мерекелер өткізеді.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы

Суретті түсірген: Мақсат Айтбай