• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2011

Бұл – нағыз халықтық шешім

246 рет
көрсетілді

Бұл күн ерекше есте қаларлық күн болғалы тұр. Өйткені, «Қа­зақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Пре­зиденті – Елбасы тура­лы» Қазақ­стан Республикасының Конститу­ция­лық заңына және «Қазақстан Рес­публикасының мем­лекеттік наг­ра­далары туралы» Қа­зақстан Респуб­ликасының Заңына толықтыру енгізілді. Жиырма жыл ішінде еліміз аумақтық тұтастығын сақтай оты­рып, тәуелсіздіктің арқасында мем­лекеттіліктің жаңа бейнесін қалыптастырып үлгерді. Біріккен Ұлттар Ұйымының және өзге де халықаралық белді деген ұйым­дар­дың  мүшесі болған Қазақстан халықаралық құқықтың субъек­ті­сіне айналды. Тәуелсіздіктің ал­ғаш­қы күндерінен бастап мен елі­міздің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық көкжиегіндегі мә­селелермен айналысуда Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен  бес жыл­дай бірге жұмыс істеу бақы­тына ие болдым. Сол бес жылдың ішінде өзім Елбасының сенбі, жексенбі күндері жұмыс істемей қалған сәттерін көрген емеспін. Әрине, ол кездер өзінің қи­ын­дығымен және қарбаласты кезең­де­рімен есте қалды. Кеңес Одағы­ның құлауымен Қазақстан әлем­дік қоғамдастық алдында өзін та­ны­туы тиіс еді. Бұл жолда әр түрлі тәуекелдерге барып, қауіп-қатерлерді еңсеруге тура келді. Бір ғана ядролық қарусыздану мә­селесінің өзі Нұрсұлтан Назар­баев­тың қаншама күш-жігерін ал­ды десеңізші. Мемлекет басшысы – әлемдік антиядролық үдеріс­тер­дің басталуына негіз қалай оты­рып, соны іс жүзіне асырған жа­һандық деңгейдегі дара тұлға. Нұрсұлтан Әбішұлымен өткіз­ген бес жыл мен үшін ұлы өмір сабағы, ұлы тәжірибелер сабағы бол­ды десем, артық айтқандық емес. Өйткені, мен Елбасының прин­ципін білемін, ол өзіңнің қолыңнан келетіннен де көп істеуге тырыс дегенге саяды. Осы өткен жиырма жылдың ішінде Ел­басы осы принципті үнемі ұста­нып келеді. Сондықтан да Қа­зақ­стан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын Жұлдыз» бен «Отан» ордені тапсырыла оты­рып, «Халық Қаһарманы» атағы­ның берілуі өте орынды. Кейбір әріптестерім айтқан­дай, бұл мемлекеттік марапат бірнеше жылға кешіктіріліп беріліп отыр дер едім. Егер қателеспесем, Елба­сында отандық наградалардан тек мерекелік медаль ғана бар-ау деймін. Қаншама шет мемлекеттер өз­дерінің жоғары мемлекеттік награ­даларымен марапаттап үлгерді. Де­мек, бұл – олардың біздің Пре­зидентіміздің әлемдік саяси аре­на­дағы еңбегін бағалап, халық­ара­лық қауіпсіздікке қосқан үлесін шынайы мойындағаны деген сөз. Егер де біз Нұрсұлтан Әбіш­ұлын құттықтайтын болсақ, онда ең алдымен ұлы жеңістерімен, табыстарымен бүкіл халықты шын жүректен құттықтауымыз керек. Ғани ҚАСЫМОВ, Парламент Сенатының депутаты.