• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Сәуір, 2018

Семейден бастау алған «Latyn - құнды мұра» ретро-көрмесі ел аралап қайтты

375 рет
көрсетілді

Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Жезкент кенті өңіріне  Семейдегі  облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана ұжымы арнайы іс сапармен барып қайтты. 

Кітапхананың  сирек қорындағы ХХ ғасырдың басында жарық көрген «Латын қарпіндегі басылымдар» көрмесі жезкенттік тұрғындардың назарына ұсынылып еді, бірден олардың қызығушылығына ие болды.

-Көрмеде кітапханамыздың сирек қорындағы 1929-1940 жылдардағы латын графикасындағы кітаптар мен олардың авторлары туралы мәліметтер орын алды. Осыған  байланысты қызықты ақпараттармен тұрғындарды  да таныстырып өттік,-деді Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапхана директорының  орынбасары Гүлмира Фатихқызы.

Латын қарпіндегі сирек кітаптарда  қазақ елінің сол тарихи кезеңдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік өмірінен ақпарат беретін ұлт зиялыларының зерттеулері, ғылыми еңбектері қамтылған. Ғылым салаларындағы әдебиеттерге келсек, Қ.Басымұлының, Қ.Жұбановтың, Т.Шонановтың, Ұ.Құлымбетовтың, Т.Арыстанбековтың, А.Маметовтың, А.Сейітовтың, Ә.Ермековтың, Х.Есенбайұлының, М.Әуезовтың еңбектерін оқуға болады.

Сондай-ақ,  кітапхана қызметкерлері шара қонақтарына латын қарпіндегі кітаптарды QR-код арқылы өздерінің смартфондары мен планшеттеріне электрондық нұсқасын көшіріп алу жолдарын көрсетті.  Жезкент тұрғындарының ризашылығына ие болды. Кезіңде мұғалім болған зейнеткер, біздің кітапханамыздың байырғы оқырмандары Валентина Кузьмичнина және Екатерина Александровна осындай мәнді де мағыналы кітап көрмесі үшін рахметтерін айтып, алдағы уақытта  да осындай көрмемен келіп тұруларын өтінді.  Осылайша кітапхана ұжымы Жезкент тұрғындарының ризашылығына ие болып қайтты.

Раушан Нұғманбекова,

Семей