Еліміздің әр өңірінен, көршілес Ресей облыстарынан Ақсу қаласынажет жүздей жас спортшысы бар 20 команда жиналды. Балаларға арналған Халықаралық спорт фестивалын (ERG) құрамындағы Ақсу ферроқорытпа зауыты АҚ ТНК өткізді.
Спорт мерекесіне зауыттың «Металлург» спорт клубының жас тәрбиеленуші спортшылары ерекше дайындықпен келді. Зауыт кәсіподақ комитетінің басшысы Н. Сухотеринннің айтуынша, спорт мерекесі өткізіліп келе жатқан 10 жылға таяу уақытта 5 мыңдай жас спортшы қаладағы жарыс алаңдарында спорттың әр түрінен қатысты. Жас жанкүйерлер одан да көп.
Биылғы көктемгі спорт жарыстары тағы да сондай мерекелік көңіл күймен өтті. Кіші жастағы споршы балалар арасында Барнаулдан келген команда жеңіске жетті. Екінші орынға ақсулық «Металлург», ал үшінші орынды Славгород қаласының спортшалры иеленді. Зауыттың «Металлург» спорт клубының, екібастұздық футболшылар жақсы ойын көрсетті. Баскетбол, волейбол, футбол ойындарында жергілікті спортшы жасөспірімдермен бірге, Славгородтық, Ақмола облысы, Екібастұздық командалар жақсы ойын көрсете білді.
Волейбол алаңында павлодарлық Олимпиядалық резевртегі жастар мектебінің волейболшылары жеңіске жетті. Қыздар арасында волейбол жарысында өскемендік команда алға шықты. Ақсулық теннисшілер де топ жарды. Барлық жеңімпаздар IX Халықаралық спорт фестивалінің дипломдарымен, сыйлықтарымен марапатталды.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы, Ақсу қаласы
Суретті түсірген Ирина Сычина