• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Сәуір, 2018

Пулитцер сыйлығының лауреаттары анықталды

633 рет
көрсетілді

21 номинация бойынша яғни журналистік жазба, драма және музыка саласының үздіктерін анықтайтын Пулитцер сыйлығының биылғы лауреаттары анықталды, деп хабарлайды pulitzer.org.

Журналистиканың «Ұлттық репортаж» номинациясы бойынша The New Work Times және The Washington Post газеттері Пулитцер сыйлығының иегері атанды. Бұл басылымдар АҚШ президенті Дональд Трамптың президенттік сайлау компаниясы мен Ресейдің байланысы жөніндегі мақалалары үшін марапатталды.

The New York Times газетінің журналистері Jodi Kantor and Megan Twohey және The New Yorker журналисі Ronan Farrow «Қоғамға қызмет көрсету» номинациясымен марапатталды.  Олар Голливудтың атақты продюсері Harvey Weinstein-ге қатысты жыныстық бопсалау мен зорлық зомбылыққа қатысты зерттеуге қосқан үлкен үлестері үшін марапатталды.

Халықаралық репортаж аталымы бойынша Reuters агенттігі марапатқа ие болды.

Ал музыка саласы бойынша «DAMN» альбомы үшін рэпер Kendrick Lamar марапатталды. Ол өз әнінде афроамерикалықтардың тұрмысын шынайы суреттеген.

Ал үздік сурет номинациясын Рохинджа мұсылмандарының қиын жағдайын көрсете білгені үшін Reuters агенттігі марапатталды.

Ең үздік ақпараттық сурет номинациясы бойынша Ryan Kelly-дің (The Daily Progress) 12 тамыз 2017 жылы  Charlottesville, Va-да болған ұлтшылдардың көтерілісі кезінде түсірген суреті марапатталды.

Пулитцер сыйлығы жыл сайын 21 номинация бойынша, оның ішінде әдебиет, журналистика және театр салаларындағы америкалық ең мәртебелі сыйлықтардың бірі. Бұл сыйлық 1917 жылдан бастап беріледі. Сыйлық венгр-еврей газет магнаты, 1911 жылы қайтыс болған Джозеф Пулитцер қалдырған қор негізінде тағайындалады.

Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»