• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Сәуір, 2018

Мемлекет басшысының Өкімдерімен ҚР Қарулы Күштерінде бірқатар қызметтік тағайындаулар болды

602 рет
көрсетілді

Қайдар Сәмиғұлұлы Қарақұлов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Дулат Темірғалиұлы Адырбеков «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне; 

АсқарАхметұлы Жоламанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы қызметіне;

Сәкен Мансұрұлы Бекжанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:

Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен;

Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы – Құрлық әскерлері бас қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары қызметінен;

Жандарбек Сәдуұлы Жанзақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.