• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2011

Егемендік – ел таңдауы

366 рет
көрсетілді

Осындай тақырыппен сол кездегі Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы Өмірбек Байгелдидің мақаласы берілген. «Бүгін, міне, еркіндіктің аспанкөк байрағы желбіреген кең байтақ Қазақстан жерінде Ұлыстың ұлы күні – Тәуелсіздік күні мерекеленуде. 1991 жылдың 16-шы желтоқсанында біз үшін, қазақ­стан­дық­тар үшін, жаңа тарих, жаңа дәуір бас­талды. Бұл күні Жоғарғы Кеңестің сессия­сында көп ғасырға созылған бодандықтан кейін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Ол кездегі толықсыған сезім еліміздің арма­нын­да ала алмай жүрген асуына шыққандағы асып-тасып тұрған сезім еді. Осы күрделі де қауіпті кезеңде, ауыр салмақты мойнына алып, бар күш-жігерін аямай, сабырлы да, саналы саясат жүргізе отырып, елін шыңның биігіне шығара білген тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектері еліміздің есінен шықпас, болашақ тарихы­мыз­да ерекше орын алатын жайт. Мұны бүгінгі ұрпақ та, келешек толқын да мақтан тұтып, жадында ұстары хақ» деп басталыпты мақала. Мақалада өзі жұмыс істей бастаған он ай ішінде, қос палаталы Парламент қалыптасу кезеңін бастан өткере отырып, соған қара­мас­тан нәтижелі жұмыс істегені, қоғамға қа­жет біршама заңдар қабылдағаны айтылады. Соның ішінде Сенат депутаттарының алдағы уақытта да осы бағыттан таймай, уақытпен санаспай жұмыс істей беруге бекем бел буғандығы атап көрсетіліпті.