Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы елді Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайына бейімдей алатын, жан-жақты, прогрессивті және серпінді мемлекет ретінде қалыптасудың негізгі бағыттарын айқындайтын кешенді дамудың маңызды стратегиясы болып табылады.
Жолдауда Қазақстанның даму бағытының негізгі 10 басым бағыты нақты көрсетілген. Интеллектуалды және жаңа технологияларды дамытуға және интеграцияға баса назар аудару Қазақстанды заманауи цифрлы мемлекет ретінде қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру Қазақстанды Еуразияда өсу көшбасшысына айналдырады.
Майкл ЙО,
Азиялық стратегия және көшбасшылық институтының директоры (Малайзия)