«KSP Steel» ЖШС Қазақстандағы болат құбырлар, болат шарлар және басқа да өнімдер шығаратын ең ірі металлургиялық кәсіпорын болып табылады.
Біздің өнімдеріміз Қазақстан Республикасы аумағында ғана емес, Кеден одағына мүше елдерге, басқа да шет мемлекеттерге экспортталады.
Осы орайда «Астана-1» бағдарламасы іске қосылғаннан кейін серіктестік өнімдерін экспортқа шығару кезіндегі кедендік рәсімдеу процедуралары айтарлықтай жеңілдегенін айрықша атап өткім келеді.
«Астана-1» бағдарламасы қолданысқа енгізілгенге дейін біз әрбір декларацияға қосымша құжат пакеттерін тіркеп, кедендік рәсімдеу орталығына апарып өткізуге мәжбүр болатынбыз. Қазір жұмыс басқаша жүргізіледі. Біріншіден, біздің өніміміз экспортқа тәулік бойы шығарылатынын ескерсек, «Астана-1» бағдарламасының кедендік декларациялауды тәулік бойы үздіксіз жүргізуге мүмкіндік береді. Екіншіден, материалдық шығындар азайды. Электронды декларациялау жүйесін жетілдіру арқылы тауар экспорттауға қажетті құжаттар саны айтарлықтай азайды. Осылайша уақыт пен материалдық шығындарды үнемдеу өндіріс ауқымын кеңейтуге және кәсіпорынның басқа да қажеттіліктерін өтеуге жол ашып отыр. Қазір қыруар жұмыстың бәрін ешқайда бармай-ақ, жұмыс орнымызда отырып атқаратын болдық. Жаңа ақпараттық жүйе баға өлшемдерін бақылауды, бейтарифтік реттеуді өзі жүргізеді. Тағы бір атап өтерлігі, бұл ақпараттық жүйе қолданушыларға тегін ұсынылды.
Бір сөзбен айтқанда, аталған ақпараттық жүйе бизнес үшін өте тиімді. Қазақстан Үкіметіне «Астана-1» бағдарламасын іске қосуда атқарған жұмысы үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Юлия Щепова, «KSP Steel» ЖШС-ның кедендік рәсімдеу жөніндегі менеджері