Астанада Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев салалық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.
Кездесуде министрлік пен қоғамдық ұйымдардың түрлі салалар бойынша міндеттерді орындауда өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.
Басқосуға қатысушылар көкейлерінде жүрген өзекті мәселелер төңірегінде ойларын ортаға салды. Сондай-ақ жиында ел аумағында цифрлы телерадио хабарларын таратуды енгізу және басқа да мәселелер жөнінде сұрақтар қойылып, оған жан-жақты жауап берілді.
Бұдан бөлек, аймақтық және республикалық БАҚ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
«Егемен-ақпарат»