• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2018

Атырауда «National bookdating» акциясы аясында дөңгелек үстел өтті

366 рет
көрсетілді

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған осынау бірегей жобаның арқа­сында жаһан жауһарларымен жа­қын­нан танысуға жол ашылды. Х.Дос­мұ­хамедов атындағы Атырау мем­ле­кеттік университетінде «National bookdating» акциясы шеңберінде өткен дөңгелек үстелде жоба жайлы кеңінен айтылды.

      M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» ме­кемесі ұйымдастырған шарада ҚХА ғы­лыми-сарапшылық тобының мүшесі, та­рих ғылымдарының кандидаты Гүл­фай­руз Қайырғалиева қазақ тіліне аударылған 18 ғылыми оқулықтың ма­ңыз­дылығын жан-жақты түсіндірді.

Шетелдерде қымбатқа бағаланатын оқу­лықтарға Мемлекет басшысының тап­сырмасымен қазақстандық студенттер алдағы оқу жылынан бастап тегін қол жеткізе алады. «Әлемдік деңгейдегі құн­ды қазынамен танысу жастарға сер­пін сыйлары анық, дейді тарих ғы­лым­дарының кандидаты Гүлфайруз Қай­ыр­ғалиева. – Адамзаттың даму тарихын меңгеріп, дүниетанымын кеңейткісі ке­летін әр студент осы кітаптарды оқуы керек».

Атыраудағы Назарбаев зия­ткерлік мектебінде де шара өтіп, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының облыстағы хат­шылығының басшысы Гүлмира Шәкірова баяндама жасады.

Баламасы жоқ бастаманың мән-ма­ңы­зын түсіндіру бағытында аймақта бас­қа да шаралар атқарылып жатыр. Бұл жа­ңа­лыққа студенттер ғана емес, мектеп оқу­шылары да қуанышты. Солардың бірі – Қуаныш Жалғасбаев. Ол әлемге әйгілі шы­ғармалардың қазақ тіліне түпнұсқадан тіке­лей аударылғаны маңызды екенін айтады. «Білім аламын деген жастарға күн сайын жаңа мүмкіндіктер әлемі ашылып жатқанын білу және сол елдің ертеңі болу мерей әрі жауапкершілік», дейді оқушы.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ