Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылға арналған ораза кестесі мен пітір садақа мөлшерін жариялады.
Биыл ораза 16 мамырда басталып, 14 маусым күні аяқталады. Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.